Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа ауданның жаңалығы көп - "Ақжайық" шағын ауданы

c 19:38, 14/06/2018 c 961

0:00 / 0:00

Шаһарымыздың бас жоспарына сәйкес облыс орталығында жаңа шағын аудан бой түзейді. Аталмыш ауданда жүз елу көп қабатты тұрғын үй, 80-ге жуық спорттық нысан, балабақша мен емханалар бой түземек. Жоспарға сәйкес, қазіргі таңда, жаңа шағын ауданға инженерлік желілер тартылып жатыр. "Ақжайық" ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен өңір басшысы арнайы танысқан болатын. Сондай-ақ, облыс әкімі шаһарымызда мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында биылғы жылы азаматтардың пайдалануы үшін берілетін көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын да қарап шықты.

Бұл шаһарымыздың бас жоспарына сәйкес, келешекте 150 көп қабатты тұрғын үй, 8 мектеп пен 3 емхана бой түзейтін "Ақжайық" ауданының бүгінгі келбеті. Бұл ауданда келешекте 70 мың адам өмір сүреді деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, жаңа ауданға инфрақұрылым желілерінің құрылысы басталды.

Жаңадан бой түзейтін аудан барлық дерлік заманауи құрылғылармен жабдықталмақ. Құрылыс жұмыстарын қолға алған мердігер компания құрылыс жұмыстары барысында отандық өнім пайдаланады деседі. Жаңа ауданда газ құбырларының ұзындығы 10 шақырым болады. Бұл жұмыстар үшін 329 млн теңге қаражат бөлініпті.

Сондай-ақ, ауданға 91,9 шақырым болатын электр желісі тартылып, светодиодты жаңа технологиялар қолданылмақ. Ал, су құбырларының жалпы ұзындығы 11 шақырымдай болады. Оның алты шақырымы бүгінге дейін аяқталып отыр. Инфрақұрылым желілерінің құрылысын қолға алған мердігер компания өкілдері барлық жұмысты биылғы жылы аяқтаймыз,- дейді.

Сондай-ақ, биылғы жылы жаңа ауданда бой түзейтін көп қабатты тұрғын үйлерді жобалау жұмыстары басталып, ал 2020-21 жылдары "Ақжайық" ауданы мен шаһар орталығын жалғайтын көпірдің құрылысы басталмақ. Облыс орталығында жаңа ауданның құрылысынан бөлек, мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Бұл, тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған болатұғын. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 70 пайызға аяқталыпты. Мердігер компания өкілдері құрылысты биыл күзде аяқтап, тиісті пәтерлер тұрғындарға табылатын болады, деп отыр. Тұрғын үйдің бірінші қабаты бизнес нысандарына беріледі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Құрманғазы көшесі 196 мекен-жайында орналасқан, осыдан сексен жыл бұрын іргетасы қаланған екі қабатты апатты деп танылған тұрғын үйдің түсіру жұмыстары басталды. Бұл үй 8 пәтерге арналып салынған. Алайда, қазіргі таңда, бұл үйде 4 пәтер иесі тұрып жатыр. Олардың баршасы құрылыс жұмыстары аяқталғанша, уақытша жалдамалы пәтерде тұрады. Бұл үйдің орнына тоғыз қабатты 64 пәтерлік тұрғын үй бой түземек.

Сондай-ақ, осы ауданда апатты деп танылған екі қабатты қос үй түсірілмек. Оның орнына он бір қабатты 200 пәтерлік үй тұрғызылмақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.