0:00 / 0:00
"Бәйтерек"ауданы "Володарка" ауылынан бой көтерген шағын аудандағы көшелер жарықтандырылмаған. Қыс мезгілі таяп қалды. Осы орайда ауыз су мәселесімен, жолдың жайына алаңдаған ауыл тұрғындары арнамызға хабарласып мәселенің шешу жолдарына көмек беруді сұрады.Сонымен қатар ауылдықтар мектептің де апатты жағдайда тұрғанан айтады. Білім беру нысаны көне. Ал контингент күннен күнге артып келеді. Қарапайым халық осы мәселелердің оң шешімін тапқанын қалайды. Бұл шағын ауданның мәселесі әкімдікке таныс. Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Дүйсенұлының айтуынша, алдығы жылы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жаңа білім нысаны бой көтереді. Орын дайындалған. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижиесі күтілуде. Ал ауыз сумен қамту жәйі шешілген. Тек коммуналдық мекеме 10-15 үйдің дайындығын күтіп отырған көреді. Аптаның аяғына дейін бұл жағдай да шешіледі деп сендірді.Ал жол мәселесіне қатысты арнайы жоба жасақталыпты. Енді жұмыс қаражат көзін қарастыру сатысында.