Орал қаласындағы Достық Дружба даңғылын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атамақ. Аталмыш шешім қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданды. Депуттаттар бұл шешімді бір ауыздан мақұлдаған еді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ант берген кезде, облыс орталықтарындағы басты көшелерге тұңғыш президенттің есімін беруді ұсынған еді.