0:00 / 0:00
Таңертеңмен жәрменкеге келген жиналған тұрғындардың қарасы қалың. Облысымыздың отызға тарта кәсіпкері өз өнімдерін халыққа нарықтан төмен бағада саудалауда. Саудасы қызған базарда 5 тонна қауын-қарбыз, 10 тонна қартоп, 500 келі балық, 18 мың дана жұмыртқа және басқа да күнделікті ас мәзіріне қажетті азық-түліктер өткен. Шаһар әкімі Шыныбековты да осы шарадан көрдік.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер жергілікті шаруаларға өз өнімдерін делдалсыз сатуға мүкіндік бермек.
Өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан. Шаһар әкімшілігі тұрғындардың сұранысы бойынша осындай жәрмеңкелерді жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Енді жәрмеңке әр аптаның сенбі күндері ұйымдастырылып, қыркүйек айына дейін жалғасады.