Мешітттегі жамағаттың ақшасын қымқырған қылмыскерге сот үкімі шықты. Естеріңізге сала кетейік Калимов Қуандық Орал қаласындағы Досмұхамедов көшесі бойындағы Қызыл мешіт және Татар мешітінде болып, қала тұрғындарының ақшасын жымқырған. Сот төрағасының айтуынша, шығын көлемі 300мың теңгеден асқан. Содан кейін, «Атырау Орал» тас жолы бойында белгісіз біреуді соққыға жығып, 185 мың теңгесін тонап кеткен. Алайда, жәбірленушілер сотқа Калимовты кешіретіндерін, материалдық залалдың қайтарылғанын айтып, қылмыскерді жауаптылықтан босатуды сұраған. Десе де, Калимов Қылмыстық кодекстің 191 бабының 2 бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 мерзімге бас бостандығынан айырылды.