0:00 / 0:00
Оралда екі айға жалғасатын санитарлық-экологиялық сенбілік басталды. Қазіргі таңда облыс орталығы 20 аймаққа бөлінді.
Биыл облыс орталығы сенбілікке байланысты 20 аймаққа бөлінген. Жұбан тынымбағын жинастырған шаһар басшысы басты талап- азаматтар карантиндік шараларды ұстана отырып, жұмыс орындарының маңын жинап, ретке келтіруі керек,- дейді.
Жалпы қалада өткен бірінші сенбілікке 1500 адам ат салысты. Олар өздеріне тиесілі аймақты қоқыстан тазартып, 1000 текше-метр күл-қоқысты жинады. Ол үшін 15 арнайы техника жұмылдырылды.