Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалғызбасты ананың жанайқайын кім естімек?!

c 17:17, 05/02/2018 c 940

0:00 / 0:00

Айнагүл Әкімжанқызы - 5 балалы ана. Көріп отырғандарыңыз көпбалалы ананың басындағы жалғыз баспанасы. Төбесінен су кетіп, қабырғасы құлап тұрған үйде өмір сүру мүмкін емес дейді ол. Бүгінде жалғызбасты ананың балаларының алды 30 ға келсе, кішісі 15те екен. Бес баланың анасы қазір 50 мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Тапқан табысы күнкөрісіне әрең жетіп отырған оның үйге кезекке тұрғанына 18 жыл болыпты. Көпбалалы ананың жанайқайын айтып біз де Бөкейордасының әкімдігіне хабарластық. Айнагүл Әкімжанқызының кезекте 22ші болып тұрғанын аудан әкімі де айтты. Ауданда үй кезегі бірте-бірте алға жылжып келеді екен. Биылдың өзінде 10 үйдің құрылысы аяқтала келсе, жыл соңына дейін тағы 32 баспананың құрылысы басталады деп күтілуде. Айта кетелік, былтыр бөкейордасы ауданында 28 отбасы баспаналы болса, биыл 42 азамат пәтер кілтіне ие болмақ. Ал 2019 жылы 52 үй салу жоспарда бар. Сәйкесінше, армандаған үйлеріне бөкейордалықтар да жақын келешекте қол жеткізбек.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.