0:00 / 0:00
Ринат Рахметов -5 баласын жалғыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Айына табатын нәпақасына балаларын асырап отырған оның тұратын баспанасы да жоқ. Қазір тұрып жатқан үй-жайының сиқы осы. Қамқөңіл әкеге бұл үйді жұмыс орнынан тегін берген. Соған да шүкір дейді. Үйдің үлкені бүгінде 20 жасқа келсе, кішісі небәрі бір жаста ғана. Бауыр еті баласын аяғынан тік тұрғызу үшін тырбана еңбек етіп жүрген ол 5 балаға өзі ана, өзі әке.
Осындай қамкөңіл жандарға қамқорлық таныту акциясын Орал қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бастап кетті. Қаңтардың онында басталған «Қамқорлық» атты шара барысында аз қамтылған отбасыларға көмек қолы созылып, тәртіп сақшылары арнай қаржы жинап, материалдық көмек көрсетілуде.
Айта кетелік, «Қамқорлық» акциясы ақпанның 10на дейін жалғасын таппақ