Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалғыз басты ананың мұңы

c 17:48, 30/11/2018 c 1065

0:00 / 0:00

Оралдықтарды қай кезде де баспана мәселесі толғандырады. Арнамызға Райгүл Малаева есімді қала тұрғыны хабарласып, қиын жағдайға тап болғандығын айтып, көмек сұраған еді. қала тұрғыны екі сәбиін өсіріп отырған жалғыз басты ана. Ол бүгінде бала-шағымен бірге жалдамалы пәтерден пәтерге көшіп, күн көруге мәжбүр. Жалғыз басты ана көп жылдан бері пәтер кезегінде тұр.

Екі баласын бір өзі бағып-қағып отырған Райгүлдің бір үйге зар болып жүргеніне біраз болған. Жалғыз басты ананың 10 жылдан бері қалада жалдамаған баспанасы жоқ. Кейіпкеріміз жұбайымен ажырасқаннан кейін, басында үйі болмаған соң, пәтер жалдаудың қиындығын көріп, балаларын өсіріп отыр. ол 2010 жылдан бері мемлекеттік қызметкер ретінде пәтер кезегінде тұрыпты. Алайда, біраз уақыт өткеннен соң, белгілі себептермен жұмыстан да шығып кеткен.

Мәселенің мән-жайын білмек мақсатта, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына бардық. Сала мамандары қала аумағында 19 мың адам, 13 категория бойынша пәтер кезегінде тұр,-дейді. Биылғы жылы шаһарымызда баспана кезегінде тұрған азаматтарға "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарлама арқылы көп қабатты 180 пәтерлік тұрғын үй берілген. Пәтер кезегінде тұрған азаматтар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" мен "Қазақстан ипотекалық компаниясының" ұсынған шарттарының аясында пәтерге қол жеткізетін көрінеді. Осы арқылы тағы 300-дей азамат баспаналы болыпты.

Кейіпкеріміз қиын жағдайдан тек мемлекеттік қызметке қайта жұмысқа тұру қабылдану арқылы құтыла алмақ. Сол кезде кезекті жаңартуға болады. Немесе ол жаңа категория бойынша баспана кезегіне тұрып, 19 мың азаматтың қатарын толықтыра алады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.