0:00 / 0:00
Бүгін полиция қызметіне күндізгі сағат 15.30 да облыстық прокуратура ғимаратында жарылғыш құрылғының бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орынына жеткен құқық қорғаушылар 42 адамды қауіпсіз жерге көшіріпті. Қазіргі таңда ғимарат толықтай тексеріліп, қоңыраудың жалған екендігін анықталып отыр. Сала мамандары жалған қоңырау шалған азамат анықталып, жауапқа тартылатындығын айтады.