Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛАҚЫҒА ЖАРЫМАҒАНДАР

c 19:45, 21/08 c 37

0:00 / 0:00

Орташа жалақы көлемі бойынша Қазақстан 106 елдің ішінде 80-і орында тұр. Бұл тіпті соғыстан көз ашпай жатқан Украина елімен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Ал бүгінде қазақстандықтар тапқан табысының жартысын тамаққа жұмсайды. Себебі азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Оған қоса ай сайын төлейтін несиесі мен тұрмыс-тірлшілігіне қатысты басқа да қажеттілік бар. Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыссыздар қатарында. Себебі, олар таксилетіп немесе үйден тәттілер пісіріп, қант-шайын айырып отырғандар. Өздеріңізге мәлім, ең төменгі жалақы көлемін 200 мың теңгег көтеруді талап еткен петиция да жарияланған болатын. Бастамашы топ халықты қысып жатқан қымбатшылыққа 85 мың теңгемен төтеп беру мүмкін емес екендігін айтқанды.

Қазақстанда Кейтц идексі өткен жылы 29,4 пайызды құрады. Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 60 пайыз. Бізде орташа жалақы көлемі 400 мың теңгені құрайды. Яғни Кейтц идексіне сүйенетін болсақ, ең төменгі жалақы көлемі 200 мың теңге болуы керек. жыл басында Кәсіподақ өкілдері бұл мәселені көтеріп, Қазақстанда ең төменгі айлық дұрыс есептелмегенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңын бұзу фактілері де орын алып отыр. Вице-министрдің айтуныша, жұмыс берушілерді тексеру және анықталған бұзушылықтар саны 8 пайызға артты. Еңбек заңнамасын бұзған жұмыс берушілерге 2,9 мыңнан астам әкімшілік айыппұл салынды. Жұмыс берушілер тарапынан еңбек шарттарын жасаспау, заңсыз жұмыстан шығару, жалақыны уақтылы төлемеу сияқты бұзушылықтар орын алған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.