Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛАҚЫ ӨСЕДІ

c 10:01, 02/09/2021 c 573

0:00 / 0:00

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы көлемі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өседі. 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға артады. Оның ішінде педагогтер, медицина қызметкерлері, музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары бар. Осылайша мемлекет осы санаттағы 600 мың азаматтық қызметкердің  жалақысын өсіретін болады. Сондай-ақ. Қолжетімді баспана саясатын жалғастыру мақсатында Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді.Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауында көтерілген, жүзеге асырылатын мәселе көп. Соның бірі елдегі қымбатшылық, инфляция деңгейін ұстап тұру қажеттігі айтылды. Президент Ұлттық банк пен Үкіметті инфляция алдында дәрменсіз болып шықты деп сынады.

Цифрландыру бағытында да ақсап тұрған жайымыз бар. Ал Президент үкіметке  мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру үшін қажетті IT мамандарды әзірлеуді жүктеді. Халық үшін мемлекеттік қызмет 100 пайыз смартфонмен қолжетімді болуы тиіс деді.

Биыл мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Енді алдағы үш жылда бұл мақсатқа қосымша

1,2 трлн теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ, 600 мыңға жуық қызметкердің жалақысы артады.

Тағы бір жаңалық-  келесі жылдан бастап  ең төменгі жалақы көлемі  42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтерілмек.

Тоқаев, қолжетімді баспанамен қамту мақсатында, Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетінін хабарлады.

Президент жолдауында ауыл шараашылық саласындағы кем-кетіктер,  саланы дамыту жолдары көрініс тапты. Тоқаевтың айтуынша, Агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы әбден ескірді. Мемлекет басшысы аграрлық салада субсидиялауға   соңғы 5 жылдың өзінде 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінгенін. Алайда бұл қаржының басым бөлігі тиімсіз пайдаланылып, талан-таражға түскенін айтты. Президент жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейту керек екенін тапсырды. Бұл орайда әкімдер ықпалды адамдардың ығына жығылып отырғанын сынға алды.

Айтпақшы,  Жолдауда айтылғандай 2024 жылдан бастап аудан әкімдерінің сайлауы болады. Үкіметке жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауды жүктеді.  Мал дәрігерлерінің де жалақысын өсіруді тапсырды. Әрине Президент денсаулық сақтау саласына да тоқталды. Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құруды ұсынды.  Отандық дәрі-дәрмек көлемін 2025 жылға дейін 50 пайызға жеткізу мақсаты тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.