Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жақын күндері ауа-райы антициклонның әсерінде болмақ

c 16:57, 15/01/2018 c 801

Өткен аптадағы Елордада орын алған ақ түтек боран коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметкерлері үшін үлкен сынақ болғаны жасырын емес. Боранның салдарынан тіпті ғимараттардың шатыры ұшқандығы туралы барлық ақпарат көздерінде айтылған еді. Өңіріміздегі ауа-райына кезек берсек. Жақын күндері облыс көлемі антициклон әсерінде болып, жауын-шашын орын алмайды деп күтілуде. Кей жерлерде тұман болуы мүмкін. Батыс-солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болмақ. Күндізгі ауа-райы 5-10 градус нөлден төмен болса, түнде 12-17 градус аяз күтілуде.15-ші қаңтардағы ең суық күн 1943 жылы тіркеліпті. Сол кездегі ауа температурасы 37 градус нөлден төмен болған. Ал, ең жылы күн 2007 жылы тіркелген, ауа райы 1 градус жылылықты көрсетіпті.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.