0:00 / 0:00
Ең ащысы – сұм соғыс, ең тәттісі – Ұлы Жеңіс демекші бүгінгі соғыс ардагерлерінің ерлігі еш уақытта ұмытылмады. Көбі келместің кемесіне мініп кетсе, біразы жағада тұрған соғыс ардагерлеріне қанша құрмет көрсетілсе де артық болмасы анық. Елорданың туған күнінде шаһардағы бірқатар соғыс және тыл еңбек ардагерлеріне еріктілер атынан сыйлықтар табысталды.
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, сол күндер мәңгі есте сақталары анық. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ардагерлерге тағзым ету біздің қашан да парызымыз. Себебі олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын қызғыштай қорғады. Сондықтан да бүгінгі бейбіт өмір үшін соғыс ардагерлеріне мәңгі қарыздармыз.
Еріктілер қолғабыс болған шараның аясында шағын концерт ұйымдастырылды. Карантин талаптарын сақтай отырып жаздың жайма шуақ күнінде ашық аспан астында рухты әндер айтылып, ардагерлерді бір марқайтып тастады.