Індеттің салдарынан күніне он бес шақты науқас өкпені жасанды желдетуге тәуелді болады екен. Осынау қарбалас та, қиын шақта елге көмек көрсетіп жүрген кәсіп иелерінің арқасында науқас жандарға қажетті құрылғылар алынуда. Өңірдегі кәсіпкерлердің қаржылай демеушілігімен облыстық ауруханаға Ресейден 10 литрлік екі оттегі концентраторы мен 400 дана пульсоксиметр әкелінді. Облыстық аурухана директоры Арман Байдеуовтың сөзінше, бұл құрылғылар дереу өңірдегі медициналық орталықтарға берілетін болады.
Оттегі концентраторына провизорлық стационардағы науқастардың 80 пайызы қосылған. Әлемді жаулаған індетке қарсы күрес кезінде халықтың бірлігі, ел азаматтарының көмегі маңызды. Соның ішінде кәсіпкерлер жасап жатырған көмектің орны бір төбе. Айта кету керек, өңірдегі кәсіпкерлердің әрқайсысы мүмкіндігінше «Ақжайық» қорына қаражат аударуда. Бүгінде аталмыш қорға 100 миллионның үстінде қаражат жиналған.
Осы кезге дейін кәсіпкерлердің қаражатына облыстағы науқастарды емдеуге қажетті 160 оттегі концентраты жеткізілген болатын