Бірер күн бұрын Жақсығұлов көшесі, 33 үйде бомба қойылған. Дәл осындай хабарды кешкі сағат 11-лер шамасында "Б" есімді азаматша хабарласып айтқан. Абырой болғанда, үйді тінтіп, тексеру кезінде бұл факт расталмаған екен. Десе де, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Себебі, ел заңы бойынша көрінеу, жалған хабар таратушылар да жазаға тартылып, шара қолданылады.