0:00 / 0:00
«Жайықжылуқуат» АҚ-ның «2016-2020 жылдарға арналған Орал қаласын жылумен жабдықтау жүйесін, ЖЭО жабдықтарын, суалғы мен қазандықтарды қайта құру және жаңғырту» инвестициялық бағдарламасы бойынша бірнеше жылу магистралында жөндеу және қайта құру жұмыстарын жүзеге асырған. Бағдарламаның жалпы құны 1 млярд. 404,9 теңгені құрайды. Биыл бұл жобаға бюджеттен 95 миллионға жетер-жетпес бөлінсе, іске асқан жобалардың құны 43 жарым млн. теңгені құрап отыр. Бағдарламаның орындау барысына арналған пресс-тур алдымен қаламыздың «Дом Быта» ауданында орналасқан жылуландыру пунктінде өткізілді. Мұнда ыстық су жүйесінің пластиналық жылу алмастырғыштары жаңаланды. Енді жаңа құрлығы арқылы аталған аудандағы 20 тұрғын үй мөлдір, әрі таза ыстық сумен қамтамасыз етіліп келеді. Игі бастамаға - 18, млн.теңгенің үстінде қаражат бөлінген. Бүгінгі таңда 8,9 млн. теңге қаржысы игеріліп отыр. Бұдан кейін "Депо" көпірі ауданындағы орналасқан 5-ЖМ жылу магистралындағы ұзындығы -110 метр болатын жылу құбырлары қайта төселген жұмыстар таныстырылды.биылғы жылы аталмыш жұмыстарға 15 млн. теңгеден жоғары сома ескерілсе, оның 100 пайызы орындалған. Сондай-ақ инвестициялық бағдарлама аясында апатқа дейін жөндеу қажет болған құбырлардың учаскелерін анықтай алатын екі каналды импульстік рефлектометр сатып алынды. «Жайықжылуқуат» АҚ-ның өкілдері жыл соңына дейін инвестициялық бағдарлама аясында атқарылуға тиіс жұмыстарды осындай қарқында жалғастырмақ ниетте.