0:00 / 0:00
Ақжайық ауданында Жайықтан заңсыз бекіре аулаған 12 тұлға сотталды. Азаматтар өзеннен заңсыз түрде 20 келіден астам 25 дана қызыл балықты аулапты. Сотталғандар Ақжайық ауданына қарасты Алмалы, Ақбұлақ, Жанама, Қауылтөбе мен Шабдаржап ауылының тұрғындары екендігі анықталып отыр. Заңды аяққа басқан азаматтарға қатысты қылмыстық кодекстің 335 бабы 3,4-ші тармағы бойынша іс қозғалған. Сот бекірені заңсыз аулап, табиғатқа зиян келтірген жандарға 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу мен шартты түрдегі жазаны қолданып, сотталғандарға 200 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарды атқаруға үкім кесті.