0:00 / 0:00
Батыс өңіріне Алаштың ардақты ақыны Есенғали Раушанов табан тіреді! Облыс орталығындағы Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында қаламгердің 60-жылдығына арналған «Еркем, Жайық!» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Рухани шараға облыс әкімі де арнайы келіп, зиялы қауым өкілдері де қатысты.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі ақын Есенғали Раушанов биыл 60 жаста. Қалың көрерменге ерекше қолтаңбасымен, өзіндік стилімен таныс қаламгерді жайық жұрты ыстық құшақпен қарсы алды. Ақынның шығармашылық кешіне арнайы ат басын бұрған облыс басшысы да Есенғали Әбдіжаппарұлын мейрейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты. Кеш барысында театрландырылған көрсетілімдер қойылып, өнерге жаны құмар жастар ақын өлеңдерін жатқа оқыды.