0:00 / 0:00
Қазір коммуналдықтар көгілдір отынға 940 млн. теңге бережақ екендерін мәлімдеуде. Аталмыш соманы өндіре алмаған "Қазтрансгаз аймақ" оларды сотқа беруге бел байлапты. Ал бұл тығырақтан шығар жол таппаған "Жайық жылу қуат" АҚ болса, министрліктен өздері шығаратын электр қуатының тарифін өсіруді сұраған. Коммуналдық кәсіпорын осы өзгерістің өз жағдайларын оңалтуға ықпалы тиеді деген ойда.
Жайық жылу қуат АҚ ай сайын газға төлеуге 500 млн теңге жұмсайды екен. Ал биылғы қыс шығынды қысқартуға әл бермей отыр. Төлем ақылардан түскен сомаға тек аз ғана бөлігін жабуға мүмкіндік болғанымен қарыз көлемі ұлғая берген.
Коммуналдық кәсіпорын бүгінде өздері шығаратын электр қуаты ақысының бағасын көтеру туралы сұраныспен министрлікке жүгінген. Жылыту маусымы аяқталған соң желілер жөндеуден өтеді. Қазір қызмет көрсетілген баспананың әр шаршы метріне тариф бойынша 180-190 теңгеден төленеді.
Жайық жылу қуат АҚ жапондық мамандармен жөндеуге байланысты газтурбиналық стансасының жұмысын тоқтапақ. Бұл жұмыс тамыз,қыркүйек айларымен тұспа-тұс келмек.