Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"ЖАЙЫҚ ЖАСТАРЫ" ФЕСТИВАЛІ: ӨНЕР БАҒЫТЫ

c 16:41, 12/08 c 22

0:00 / 0:00

Орал қаласында «Жайық жастары» фестивалі аясында Қадыр орталығының амфитеатрында “Эстрадалық ән” және “Ұлттық би” байқаулары өтті. Аталмыш фестивальге 12 аудан және Орал қаласының командасы қатысуда. Талантты жастар жарысында топты жарып шыққан жұлдыздар кімдер? Бірге білейік.

Қаламызда халықаралық жастар күніне орай қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен 3 күндік фестивальде қатысушылар спорт, өнер, білім бағыты бойынша бақ сынауда. Іс-шарада өңірдің 14-35 жас аралығындағы жастары өнер көрсетті.

«Жайық жастары» фестивалінде 12 аудан мен қалалық команда бақ сынауда. Олардың қатарында “Эстрадалық ән” байқауына қатысқан Ақжайық ауданынан келген Назгерім Сәкенқызы мен “Ұлттық би” сайысында өнер көрсеткен Жәнібек ауданынан келген Анара Абекенова бар.

«Эстрадалық ән» байқауында Орал қаласы және Шыңғырлау, Бөкей Орда аудандары жүлделі орынға ие болса, «Ұлттық би» бойынша Казталов, Ақжайық, Бәйтерек аудандарының жас өнерпаздары жеңіске жетті. Әр аталым бойынша жеңімпаздарға қаржылай сыйлық пен статуэтка, медальдар табысталды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.