Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайық жағасындағы үйлер көшріледі

c 16:48, 14/05 c 2

0:00 / 0:00

Оралда Жайық жағасында орналасқан үйлер көшіріледі. Өйткені су келген сайын жар құлап, тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Әкімдік үй-жайларды жерімен бірге сатып алып, орнына көпқабатты үйден пәтер бермек. Бірақ бұған келіспей, жеке жер үй сұрап жатқандар бар.

Орал қаласының тұрғыны Виктор Свиягин редакциямызға келіп, өз шағымын білдірді. Оның үйі өзенге таяқ тастам жерде тұр. Бау-бақшасының қоршауы бірнеше жыл бұрын суға кеткен. Жеміс ағаштары сынып, жармен бірге құлап жатыр. Бірақ әкімдік ұсынған өтемақы оған лайықты баспана сатып алуға жетпейді деп алаңдаулы.Оның қазіргі баспанасының құны шамамен 20 млн. теңгеден асатын көрінеді.
Қазір жағалаудағы он үй апатты деп танылған. Мамандар үй-үйді аралап, заңнаманы түсіндіріп жүр. Әкімдік және төтенше жағдай басқармасының өкілдерінен комиссия құрылған. Үй-жайды бағалайды. Содан кейін қаржы бөлініп, тұрғындарға өтемақы төленеді. Үйдің шаршы метріне қарай пәтер беріледі. Төлем қала бюджетінің резервінен жүргізіледі. Алайда, мүліктің нақты бағалануы тұрғындардың көңілінен шығуы екіталай.
Тұрғындар арасында «ешқайда көшпейміз» деп отырғандары да бар. Ережемен келіспегендер сотқа жүгіне алады. Ал Жайық биыл тасыған жоқ. Қазір дария деңгейі 476 см болып тұр. Былтыр күретамыр өзен 865 см-ге дейін көтеріліп, қауіпті деңгейден асып кеткен еді.
Айдана Олег Саша

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.