Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЙЫҚ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК

c 16:11, 16/08 c 21

0:00 / 0:00

«Оралдың жұлдыздары» ұйымының мүшелері салауатты өмір салтын ұстанады. Әжелер ән айтып, би кештерін жиі ұйымдастырады. Бүгін белсенді әжелер ойын-сауық жиынының орнына табиғат аясына шығып, Жайық өзенінің жағалауында тазалық іс-шарасын өткізді. Қолдарына қапшық алып, айналадағы күл-қоқысты жинаған аға буын өкілдері жастарға үлгі болғылары келетінін айтады.

ДАНА АХМЕТЖАНОВА
ЗЕЙНЕТКЕР

Белсенді әжелердің бастамасын «Amanat» партиясы БҚОФ бірден құп алған. Өңірде мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. «Кезекті тазалық іс-шарасын ұйымдастырған зейнеткерлер аталмыш акцияға үлесін қосуда»,- дейді қалалық мәслихат депутаты.

НҰРЛЫХАН ӘБЕНОВ
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Орал - жасыл қала. Жайықтың жағасы демалуға таптырмас орын. Тек демалушылардың көше мәдениетіне салғырт қарауы қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Мұны ескерген егде жастағы тұрғындар алда қайта сенбілік ұйымдастырмақ. Айта кетсек, акцияның белсенді қатысушыларына айналған әжелердің еңбегі ескеріліп, облыстық «Amanat» партиясы басшылығы атынан Алғыс хатпен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.