Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕР ҚЫМБАТТАДЫ

c 10:55, 24/08 c 34

0:00 / 0:00

Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Елімізде әлі де үш аусымды мектептер, оқушы орнының тапшылығы сезіліп отыр. Осы мәселені шешу үшін Жайлы мектептер салу қолға алынғанды. Мектептер республикалық бюджет пен ұлттық қор есебінен салынып жатыр. 5 жарым миллиард долларды құрайтын «Жайлы мектеп» жобасы аясында бір оқушы орнының құны мектептің сыйымдылығына байланысты 3,6 млн-нан 8,3 млн теңгеге дейін өзгереді. Осы жобаны ұсынған кезде бұл өте қымбат көрінді. Себебі, кәдімгі мектептер бірнеше есе арзанға салынады. Сол кезде жоба жетекшілері жобаның инфляцияға қарамастан жоба қымбаттамайды деп уәде бергенді. Енді оқу жылы басталар сәтте жайлы мектебіміз қазынаға салмақ салғалы тұр. Енді бір оқушы орны 5,5 миллион теңгеден 12,6 миллион теңгеге дейін артып отыр. Жоба жетекшілері болса әу баста қосымша құн салығы мен басқа да шығындар есептелмеген дегенді алға тартады.

Депутаттар бұған дейін жайлы мектеп салуды қолға алған «SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION –ді ортадағы артық делдал деген болатын. Меткептердің қымбатқа түсуіне сол себеп болды деген күдік бар. Оператор ретінде білім министрлігі бақыласа болатын еді. Бірақ ведомствода олар құрылысшы емес және жобаны кәсіби мамандар басқаруы тиіс деп мәлімдеді. Ал қымбат мектептер тіпті Бином мектептерінен де жақсы, дейді жоба жетекшілері. Өйткені, жайлы мектептерде оқушылардың жасына байланысты бірнеше спорт залы қарастырылған. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау, есіктерді автоматты бұғаттау жүйелерін орнату көзделген. Ал ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жағдайлар жасалады. Сонымен қатар, оқушыларға ыңғайлы болуы үшін оқу құралдары мен ауыспалы киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылады. Жоба жетекшілері жобаның бұдан да қымбат болуына жол бермедік деп отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жайлы мектеп жобасы бойынша Қазақстанда үш жылда 401 мыңнан астам оқушы оқитын 842 мектеп салу жоспарлануда. Жобаның арқасында үшінші ауысымды толығымен алып тастап, оқушы орындарының тапшылығын еңсеруге болады. Қазірдің өзінде ол шамамен 225 мыңды құрайды. Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін қалаларда ғана емес, еліміздің барлық өңірлеріндегі ең шалғай елді мекендерде де салынбақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.