Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖАЙЛЫ БОЛА МА?

c 20:11, 29/11/2022 c 1396

0:00 / 0:00

Үкімет мектептердегі орын тапшылығын «жайлы мектеп» салу арқылы шешпек. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынатын мектептердің бұған дейін салынған мектептерден 8 айырмашылығы бар екенін айтты. Жайлы мектептерде оқушыларға барлық жағдай жасалып, ең бастысы мектеп сыртындағы инфрақұрылымға ерекше назар бөлінетін болады. 2023-2025 жылдар аралығында 842 мың оқушы орнын салуға 2,6 трлн теңге қарастырылып отыр. Ұлттық жобаның шеңберінде 60 мыңға жуық уақытша және 40 мың тұрақты жұмыс орны ашылады, - деп сендіреді министр Аймағамбетов.

Бүгінде елімізде 270 мың оқушы орны жетіспейді. Жылда жаңа білім ордалары ашылып жатқанымен, әлі де үш ауысымды мектептер жұмыс істеп тұр. Енді үкімет бұл мәселені «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында шешпек.

Жайлы меткептерде бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқиды. Бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік нысандары орнатылады. Оқушылардың оқу құралдарын, ауыстыратын киімдерін сақтайтын жеке шкафтар, кітап оқуына, демалуына, шығармашылық әлеуетін дамытуға тиісті орындар қарастырылған. Мектеп ең заманауи физика, химия, биология, робототехника сияқты кабинеттермен қамтамасыз етіледі. Арнайы білімді қажет ететін балалар үшін қажетті жағдай жасалады. Бірнеше спортзал болады. Мұғалімдердің кабинеттері болады. Ауылдағы жайлы мектептерде интернет болуы міндеттеледі. Ең бастысы мектептің сыртындағы инфрақұрылымға басымдық береміз дейді Аймағамбетов

2023-2025 жылдар аралығында 842 мың оқушы орнын салуға 2,6 трлн теңге қарастырылып отыр. Ұлттық жобаның шеңберінде 60 мыңға жуық уақытша және 40 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.