Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәйбасар автобус

c 17:20, 21/02/2020 c 903

0:00 / 0:00

Мичуриндік тұрғындар таңертең жұмысқа бару үшін автобусты сағаттап күтеді. Қыста тоңып, жұмысқа кешікпеу үшін таксимен қалаға жететін кездеріміз көп,- дейді. Ауыл тұрғындарының көбі Борлы тау мен Мичуринді жалғайтын №3 маршрутпен қатынайды. Автобус уақытылы жүрмегесін таңертең ересектер жұмыстан, ал студент пен оқушылар сабақтан қалып қойып жатады. Ауыл тұрғындары жұмыстан қайтар шақта такси қызметін жиі қолданатынын айтады. Ал, қалтасы көтермейтіндер үйлеріне жаяу қайтуға мәжбүр. Қаланың іргесінде тұратын азаматтардың бір-ақ талабы бар. Ол- №3 маршрут уақытылы қатынаса.

Мичуриндік тұрғындар №3 автобустың жұмысын осылайша бағалайды. Тұрғындар қалаға қатынау үшін қыстыкүні автобусты көп күтеді. Тіпті, бір сағаттап күтіп, жұмысқа кешікпеуі үшін таксимен қатынайтын көрінеді. Азаматтар автобустың жұмысын сынға алып отыр. Тұрғындардың бір-ақ талабы бар.

Маршруттардың жұмысына байланысты тұрғындардың талабын сала мамандарына жолдап көрдік. Сала мамандары мен тасымалдаушы арасындағы келісімшартқа сәйкес, қала мен ауылды жалғайтын маршурттың саны 22 болуы тиіс. Алайда, күнде жолға 8 немесе 10 шақты автобус шығатын көрінеді.

Тұрғындар автобустың жүруіне қатысты шағымдарын "109 Айкөмек" колл орталығына жолдай алады. Сала мамандарының келтірген дерегіне сәйкес, өткен жылдың аяғы мен биылғы қаңтарында жолаушыларға билет бермей, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған алты автопарк 700 мың теңгедей айыппұл төлеуі тиіс. Бұған дейін, бұқарамен кездескен қала әкімі қоғамдық көліктің жұмысын сынға алып, аталмыш саладағы мәселені көктемде шешеміз деп уәде берген-ді. Қала әкімі уәдені қашан орындамақ? Автобуспен қатынайтын тұрғындардың талап тілегіне қашан құлақ түрілері уақыттың еншісінде!

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.