0:00 / 0:00
БҚО Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігердің мәліметінше, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде тұрақты. 29 наурызда Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың(COVID-19) екі жағдайы тіркелген еді. Екі пациент те облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қажетті емдерін алуда. Коронавирус жұқпасы табылған үйлерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемиялық тексеріс барысында науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Бұл тұлғаларға лабораториялық зерттеу жүргізілді, сараптама нәтижелері теріс. Жалпы жыл басынан бері облыста 280 адамнан коронавирустық инфекцияға сарапатама алынған.
БҚО-дағы стационарларда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жоқ. Стационарлардағы жұмысқа 110 дәрігер тартылған. 221 орташа білікті мед. қызметкер, 187 кіші қызметкер еңбек етуде. Сондай-ақ медициналық колледждердің волонтерлары көмектесуде. Төрт ауысымда жасайтын 20 жедел жәрдем бригадасы қатарға қосылды. Олар ауру белгісі бар адамдарды провизорлық, каратиндік стационарға, жұқпалы аурулар емханасына жеткізеді.Орал қаласын күнделікті залалсыздандыру жұмыстарына коммуналдық мекемелер жұмысшылары, төтеншеліктер, жеке дезинфекциялау кәсіпорындары жұмылдырылуда. Қаланың магистралды көшелері дезинфекциялануда. Аталған жұмыстар 16-шы сәуірге дейін жалғасатын болады.