Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жабық әкімдік"

c 09:43, 17/08/2020 c 588

0:00 / 0:00

БҚО Теректі аудандық әкімдігі халыққа ашық па? Ашық әкімдік жобасы неге жұмыс жасамайды? Еститін үкімет қағидасына сәйкес кез-келген әкімдікте ашық әкімдік бұрышы жұмыс жасауы керек. Алайда Теректі ауданында бұл болмай шықты. Аудандағы бұл олқылықтар өңірімізге іс-сапармен келген Республикалық Адалық алаңы жобалық кеңсесінің басшысының назарына ілікті.
Теректі аудандық әкімдігі халық үшін ашық па.Теректі ауанында болған Адалдық алаңы кеңсесін басшысы алдымен осы сұрақты қойды.Себебі ауданда ашық әкімдік бұрышы мүлдем жоқ.Тұрғындар үшін өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы да, мемлекеттік қызметтер бұрышы да, бір терезе қағидасы да жұмыс жасамайды.Әкімдікте келетін халық баяғыша қарайған тексерістен өтіп, әр есікті қағып жүруге мәжбүр.Бұл мүлдем дұрыс емес дейді мониторинг топ мүшелері.
Аудандық әкімдік айтылған ескертпе бойынша жұмыстанатының жеткізді.Мониторинг топ мүшелері Теректі ауданында күрделі жөндеуден өтіп жатырған екі қабатты үйдің жұмысымен танысты.Үйге жөндеу жүргізуге 9 милн қаржы бөлінген.Тұрғындар бірнеше жыл бойына бөліп төлейді. Сапаға мердігер компания жауап береді.Бұдан әрі жұмыс тобы Ақсуат ауылына келді.Бұл жерде халыққа қажетті жағдай жасалған.Өзіне өзі қызметт көрсету бұрышы да бар. Адамдар бір ғана анықтама үшін аудан оталығына сенделмейді. Ашық әкімдік, өзіне өзі қызмет бұрышы секілді жобалардың мақсаты мемлекеттік қызметтегі жемқорлықты азайту болып табылады.
Адалдық алаңы жобасының жетекшісі Төлеген Байгулов Теректі аудандық әкімдігіне ашық әкімдік бұрышын ұйымдастыруды, және бір терезе қағидасын іске қосуды тапсырды.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.