0:00 / 0:00
Зеленов ауданында "Туған жер" бағдарламасының аясында "Ұлы дала ұлағаты" атты аудан күні тойланды. Аталмыш шараға арнайы Ресейден келген меймандардың қарасы қалың. Шетелдік қонақтарды аудан әкімі Асхат Шахаров қабылдаған болатын. Кездесу барысында қос тарап тамыры терең тарихты баяндап, екі ел арасында бейбітшілік пен татулықты дамыту туралы біркелкі пікірлерін ортаға салды. Кейін, салтанатты шара Переметный ауылының орталық көшесінде жаңадан бой көтерген "Ана мен бала" демалыс саябағы ашылған болатын. Аталмыш тынымбаққа бірқатар сәулетшілер өз туындыларын сыйға тартқан.