Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнеткер шағымы

c 17:19, 24/01/2018 c 817

0:00 / 0:00

Кердері көшесіндегі 125 үйдің шатырынан су кеткелі біраз болыпты. 5 қабаттағы тұрғындардан маза кеткен. Себебі, жаңбыр жауған сайын шатырдан шелектеп су кетеді, кейін бұл судың салдарынан қабырға сөгіліп, баспананы жөндеу қажет болады. Алпысты алқымдаған Нина Блинова да осы қиындықтан мезі болған жандар қатарында. Жаңбыр суынан үйдегі түсқағаздар түсіп, асүйдің көретін жері жоқ.
Бұл үйге қарасты "Нұр" пәтер иелері кооперативіне де арнайы бас сұқтық. Бар мәселеден хабардар төраға зейнеткердің үйіне бірнеше мәрте барыпты.

Александр Лукьянов
Өткен жылы 14 пәтер тұрғынының үйін бірнеше мәрте тексердік барлығы да құрған қолды. Соңғы рет қараша айында барған кезде де барлығы жақсы болатын. Зейнеткер бізден үйдегі жөндеу жұмыстарын да жасауды сұрған. Алайда, біз мұнымен айналыспаймыз.

Алайда, Нина әжей шұрқ-тесік шатырдан көктемде тағы су кете ме деп алаңдайды. Оның алаңдауға да жөні бар, себебі жаңбыран кейін баспана дымқылданып, қара суық баспана ішіне кіретіні жасырын емес.

Нина Блинова

Мен бұл үйде салынғалы бері тұрамын, 42 жыл болды. Осы мәселемен күрескелі көп болды. Түсқағаздарды ауыстыра ауыстыра шаршадым. Су жарық желісіне барып, үйде өрт бола ма деп қорқамын

Ал ПИК төрағасы көктемге таман зейнеткердің үйін тағы бір мәрте тексеруге уәде берді.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.