Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫДАН ҮНЕМДЕГЕН ДҰРЫС ПА?

c 20:16, 06/11 c 16

0:00 / 0:00

Соңғы кездері министрлер қазына қаржысын үнемдеуді сыйақы мен зейнетақы есебінен жүзеге асыруды жөн санап отырған сияқты. Бұған дейін қаржы министрі мемлекеттік қызметкерлердің сыйқаысын қысқартамыз деп бір шулатып қойса. Еңбек министрі зейнетке шығып, бірақ жұмыс істеп жүрген азаматтарға зейнетақыны тоқтату тұру туралы ойымен бөлісті. Светлана Жақыпованың бұл айтқаны халыққа ұнамай қалды. Әлеуметтік желіде наразылық білдірген пікірлер көп жазылып жатыр. Тіпті зейнеткерлердің қалтасына қол сұққан министр қызметінен кетсін деген талаптар да айтылуда. Алайда, еңбек министрі бұл ойынан айнып шықты. Ол сөзімді дұрыс жеткізбеген, менің жауабымнан контексті жұлып алған деп журналистерге кінә тақты.

Министр Жақыпованың зейнетақыға қатысты пікірін мәжіліс депутаттары да қолдамай отыр. Тіпті депутат Аймағамбетов бірден әлеуметтік желіде өз пікірін жазған болатын. Егер еңбек министрі осындай ұсыныспен алдымызға келген күнде де қарсы болатын едік дейді ол.

Мәжілісмен, бюджет тапшылығын қалай жабарын білмей жүрген үкімет мүшелеріне қай саладан үнемдеуге болатынын да айтып берді.

Ал Айдос Сарым еңбек министрінің жұмыс істеп жүрген зейнеткерлердің зейнетақысын тоқтату туралы ұсынысы Ата заңға қайшы дейді.

Осылайша, қаншама жылға еңбектің жемісін көремін деп зейнткерлікке шыққанымен, кейбір азаматтар жұмыс істеуін жалғастыруда. Себебі, зейнетақы көлемі қажеттілікті қамтымайды. 2024 жылы ең төменгі зейнетақы 57 теңгеден асады, ал базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 мың теңгені құрайды. Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 152 295 теңге. Мұндай зейнетақы күнделікті тамағы мен дәрі-дәрмегінен аспайды. Дамыған елдердің зейнеткерлері зейнетақысына шетел аралап, саяхаттап жүреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.