Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы жинағы баспанаға жете ме?

c 17:44, 18/02/2021 c 444

0:00 / 0:00

Зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға өтініштер қабылдануда. Сала мамандарының хабарлауынша, облыстағы зейнетақы қорындағы қаржы қоры жеткілікті. 26 мыңнан аса тұрғынның осы мүмкіндікті пайдануға құқығы бар екен.йта кететін бір жағдай бұл мүмкіндікті екінің бірі пайдалана алмайды. Кем дегенде 10 жылдан аса еңбек өтілі мен 300 мыңнан аса жалақы алатындар ғана жинақ қаражатының бір бөлігіне ие бола алады.Алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тартуға негіз болмайды. Ескерте кетейік, зейнетақы шотындағы қаражат қолма-қол ақша ретінде берілмейді. Сондай-ақ зейнетақы жинағы алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді. Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып, меншікке рәсімделген жылжымайтын мүлікті 5 жыл ішінде сатуға болмайды. Егер мүлік сатылатын болса, біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын қайтаруға тура келеді. Бүгінде облыс халқының зейнетақы қорында - 19 млрд. 782 млн. теңгеден аса қаражат бар.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.