Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫ САЛЫҒЫ ШЕГЕРІЛДІ

c 19:57, 12/11/2020 c 545

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар асыға күтіп отырған зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мәселесі заңмен бекітілді.  Қолданыстағы заңға сәйкес, зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алған азамат 10% жеке табыс салығын төлеуі тиіс. Алайда сенаторлар  бұл қазақстандықтарға салмақ салады деп санайды. Осылайша жоғарғы палата 10% табыс салығын зейнетке шыққаннан кейін бөліп төлеуге рұқсат етеді деген түзету енгізіп,  құжатты мәжіліске қайтарды.

Өздеріңізге мәлім, зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін қазақстандықтарға үй алуға, білімге, денсаулығына жұмсау мәселесі бір жылдан бері айтылып, талқыланып, әйтеуір нүктесі қойылды. Енді жаңа жылдан бастап қазақстандықтар жылдап жинаған қордағы ақшасының бір бөлігін шешіп ала алады. Оның өзінде қорда қалуы тиіс жинақ көлемі жас айырмашылығына қарай бекітілген. Мысалы, 20 жастағы азаматтың шотында ең кемі 1 миллион 720 мың теңге болуы керек. Ал 30 жастағы азамат үшін жеткіліктілік шегі – 2 миллион 518 мың теңгені құрайды.Алайда, қолданыстағы заңға сәйкес, қордағы осы соманы шешіп алғаның үшін 10 пайыз табыс салығын төлеуің керек. Бүгінгі жалпы отырыста сенаторлар бұл салық халыққа салмақ түсіретінін айтып, оны шегеріп тастады.

Үкіметке сенаттың бұл бастамасын толығымен қолдауға тура келді. Осылайша жоғарғы палата 10% табыс салығын зейнетке шыққаннан кейін бөліп төлеуге рұқсат етеді деген түзету енгізіп,  құжатты мәжіліске қайтарды. Депутат Әли Бектаевтың айтуынша, ауылдықтар зейнетақы қорындағы жинағынан бір тиын да шешіп ала алмайды. Себебі,зейентақы қорына ауыл еңбеккерлерінен түскен жинақ тым аз. Олардың жалақысы өте төмен. Зейнеткерлікке шыққанында ең төмен зейнетақы алатын болады. 1998 жылы зейнетақы жинақтаушы қорын қоруда ауылдықтардың еңбек өтілін дәлелдейтін талай құжат жоғалып, дұрыс енгізілмей де қалған дейді ол.

Сенатор үкіметке ауыл тұрғындарының зейнетақы қорындағы жинағын көбейтетін құжат қабылдауды ұсынды. Еңбек министрлігінің мәліметінше, келесі жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне 721 мың қазақстандық ие болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.