Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы неге жетеді?

c 19:03, 03/02/2020 c 637

 

0:00 / 0:00

Зейнетақыға пәтер алуға бола ма? Бұл сұраққа елордадағы брифингте еңбек министрі Нұрымбетов жауап беруге тырысты. Жеткілікті шектен асатын соманы жинағандарға болашақ пәтерлеріне ақша жинақтауға рұқсат беру ұсынылады. Ал зейнет демалысына шыққан қарияларға шамамен жарты ақшасын алуға болады. Бірақ, бұл жағдайда қалған ақшаңыз ай сайынғы зейнетақы алуға жететіндей болуы шарт.

Иә жақсы болар еді пәтер сатып алып, оны жалға беріп өмір сүруге болады. Бұл табыс зейнетақыдан жақсы. Бірақ, қартайғанда қариялар бәрібір ақша сұрап келеді, дейді шенеуніктер. Үкіметтегілер бірден калькулятор алып есептей бастады. Адамдар зейнетке шыққаннан кейін 17 жыл өмір сүреді. Осы уақытқа дейін оған зейнетақысы жеткілікті болуы керек. Министр осылай деп есептейді. Бірақ жұмыскер 63-те демалсқа шықса, ал орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жыл болса, демек ол тек 10 жылда зейнет ақшасын жарата алады. яғни үкімет айтқандай 17 жыл емес. Қаза болғансоң ол ақшадан не пайда? Бірақ министр бәрібір қазір қорда ақша аз, жетпейді деп отыр.

20 жыл ішінде қорда 10 триллионнан астам ақша жиналған. Бір жағынан, бұл өте көп, бірақ екінші жағынан әр адамға бөлсек, орташа есеппен бір салымшыға шамамен 1 миллион теңге шығады. Бұл өте аз. Егер қазір әр адамға бір миллион немесе бес жүз мыңды алуға рұқсат берсек, онда ол бәрібір жылжымайтын мүлікті сатып ала алмайды. Бұл тек бірнеше шаршы метр сатып алуға жетеді. Ия еңбекақысы жоғары мамандар бар. Олардың зейнет қорындағы пұлы пәтер алуға жетеді. Бірақ олар бар зейнеткердің тек 1 пайызын құрайды. Олардың ішінде министрде бар.

Қаржыгерлердің пікірінше, соңғы бес жылда девальвация жинақтағы ақшаны құнсыздандырып жіберді. Оның үстіне мемлекет қордағы триллиондарды тәуекелі жоғары әрі табысты акцияларға, мысалы, АПЛ немесе Фейсбук акцияларына сала алмайды. Сондықтан бұл ақшаға мемлекеттік облигациялар сатып алынады. Иә, бұл сенімді, бірақ пайдасы аз. Қаржыгерлер қауымдастығы монополиялық қорды жеке меншік қорларға бөлуді ұсынған. Сонда бәсекелестік болады. Қарттарда көп ақша алады. Бірақ Ұлттық банк пен қор жыл сайын 45 млрд. Теңге пайда бауып отыр. Сондықтан қазір бұл мүмкін емес, дейді қаржыгерлер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.