Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы қорында ақша аз

c 19:10, 26/11/2019 c 668

0:00 / 0:00

Еңбек министрі зейнетақы қорындағы салымшылардың жинаған жарнасы аз дейді. Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының бір бөлігін  азаматтарға үй алу, білім алуға  пайдалануға беру мәселесін тапсырған болатын. Үкімет әзірге бұл жұмысты толық атқара алмай отыр.Себебі, салымшылардың 70 пайызы 1 миллион теңгеге дейін ғана ақша жинаған.

Қазақстандықтар үшін жылдап жинаған зейнетақы қорындағы ақшасына қол жеткізу арман болды. Күзде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жылдың аяғына дейін жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баспана сатып алуға, білім алуға  пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырғанды. Әзірге үкімет пен ұлттық банк нақты шешім шығара алмай отыр. Себебі, зейнетақы қорында жиналған салымшылардың ақшасы аз.

Дегенмен, үкімет желтоқсан айында нақты шешім шығарамыз деп сендіреді. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылғаны мәлім.

Зейнетақы қоры  салымшыларының 70 пайызында жиған-тергені 1 миллион теңгені құрап отыр.  Сондықтан бұл мәселені шешу қиынға түсетіні сөзсіз. Ал зейнетақы қорындағы жиналған жарналар азаматтарды зейнетке шыққанда зейнетақымен қамту үшін қажет. Ал мемлекет тарапынан төленетін зейнетақы  жылдан-жылға жабылып келеді. 2040 жылдан кейін тіпті мемлекеттің тарапынан тағайындалатын зейнетақыға шығатын адамдар болмайды дейді министр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.