Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы кімге бұйырады?

c 09:43, 04/09/2020 c 777

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар  зейнетақы жинағын қажетіне жұмсай алатын болды. Еске сала кетейік, Перзидент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Бірыңғай жинақтауушы зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін  азаматтардың үй алуына, емге жұмсауына беруді тапсырған болатын. Бүгін Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған министрлер кабинеті онлайн баспасөз маслихатын өткізіп, жолдау талаптарын орындау барысын мәлімдеді. Соның ішіндегі басты жаңалық-зейнетақы қорындағы жинақты қазақстандықтар үй, жер алуға, емге, үйін жөндетуге жұмсай алатыны айтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов  зейнетақы жинағын алу үшін азаматтардың шотында қанша қаражат болуы керектігін айтып берді. 721 мың қазақстандық қордағын жиған-тергенінің бір бөлігін ала алады.

Әр қазақстандықтың көкейінде  БЖЗҚ –на жинаған ақшам өзіме бұйыра ма деген күмәнді сұрақ бар.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарға зейнетақы қорындағы жарнасының бір бөлігін қажетіне жұмсауға беру туралы тапсырмасы, елге үміт сыйлады. Бұл мәселе жыл басында айтылып, енді ғана қозғалыс басталды. Тоқаев зейнетақы қорындағы жарна мәселесін Жолдауында тағы көтергенді. Бүгін онлайн баспасөз маслихатына шыққан еңбек министрінің мәлімдемесінен үміттеніп қалдық. Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын кімдер ала алатынын түсіндірді.Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі ерлер мен әйелдер үшін бірдей болмақ. Жеткіліктілік шегі әр жасқа бөлек белгіленген. Еңбек министрі бұл жарнаны кім қалай алатынын есептеп қойыпты.

Осылайша, министр атаған сома зейнетақы қорындағы шотыңызда қалып, одан артығын қажетіңізге шешіп аласыз. Бұл бақытқа  721 мың қазақстандық  қол жеткізе алады. Жиған-тергеніңіздің қолыңызға тигенін отбасы мүшелерінің қажетіне, баспана, жер алуға жұмсауға болады.Әрине ол сома керегіңізге жетсе.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін бір рет емес, бірнеше рет алуға рұқсат етіледі. Үкімет мүшелері бұл норма 2021 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді деп отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін заңнамалық актілер реттеліп, жаңа жылдан бастап азаматтар арман болған зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігіне қол жеткізе алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.