0:00 / 0:00
Бұл кәсіпорын үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан ауқымды жобаның бірі. Өңірде 2014 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 6 жыл ішінде өндіріс ошағының өнімдеріне өзімізді айтпағанда, сыртқы нарықта да сұраныс жоғары. Қазір мұнда қызу тірлік. Кәсіпорын тіпті қуатын арттырып, жыл соңына дейін 12 мың трансформатор шығаруды жоспарлап қойған. Сол мақсатта 1,9 млрд.теңге көлемінде жеңілдетілген несие алыпты.
Зауытта трансформаторларды жөндеу бөлімін ашу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Зауытта шығарылатын өнімнің 95% шетелге кетеді. Дайын өнімді тасымалдау шығынының 80%-ін мемлекет өтейді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында зауытқа төмен проценттік мөлшерлеме, кеден және салықтық жеңілдіктер түрінде қолдау жасалды.
Жаңа цех іске қосылған кезде 150 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Зауыт аумағындағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Күрделі жөндеуден өтетін ғимараттың бір бөлігі жұмысшыларға арналған жатақханаға айналады. Нысан жанында дүкен, балалар алаңы мен балабақша жұмыс істемек.