Батыс Қазақстан облысы, Бөкейордасы ауданы аумағында киікті заңсыз аулаумен айналысқан үш тұлға құрықталды. Оларды тексеру кезінде оқиға орнынан мүйіздері кесілген киік төшкесі, киік мүйіздері, сондай-ақ, тіркелмеген аңшылық қаруы табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шарасы жүргізілуде.