Полиция қызметкерлері Орал қаласында заңсыз 500 келі балық тасымалдаған ер адамды қолға түсірді. Браконьерді құрықтау операциясы Штыба көшесінде болған. Тәртіп сақшылары аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 335 бабы, бірінші тармағы бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Көлігінен жарты тоннаға жуық балық тәркіленген ер адам бұрын-соңды істі болмаған.