Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Заңдағы өзгерістер

c 14:11, 29/07/2020 c 652

0:00 / 0:00

2020 жылдың қаңтарынан бастап "Тұрғын үй қатынастары" туралы заңға өзгерістер енді. 2022 жылдың шілдесіне дейін қазіргі пәтер иелері кооперативтері өз жұмысын тоқтатады. Екі жылдың ішінде атқарушы билік әрбір пик пен тұрғындар арасында жиналыс ұйымдастырып, үйдің кеңесін жасақтауы керек.

2022 жылдан бастап қазіргі пәтер иелері кооперативтері өз қызметтерін тоқтады. Яғни, қазіргідей үйді ешкім күтіп ұстап, ауласын жиыстырып, көктем мен қыста қысымды бақылауда ұстамайды. Енді әрбір үй өз тұрғындарына аманатталмақ. Жаңа заңға сәйкес, екі жылдың ішінде атқарушы билік пен ПИК өкілдері үйдің кеңесін сайлап, түсіндіру жұмыстарын жасау қажет. Мамандар пандемияға байланысты түсіндіру жұмыстарын орындау мүмкін емес деп отыр.

Заңдағы жаңашылдыққа сәйкес үйлерде кеңес сайланып, екі жолмен үйді басқаруға болады. Ол жай серіктестік және мүлік меншік иелері деп бөлінеді. Жай серіктестік төрағаны тойлайды. Ол азаматтардың сенімхаты негізін жұмыс жасап, өзге сервистік компаниялармен келісім шарт жасады. Төраға келісімде көрсетілген барлық талаптардың орындалуын қадағалайды. Бірақ оған жалақы төленбейді. Басқарудың екінші формасы ол мүлік меншік иелерін үйдің кеңесі сайлап, төраға мен есепшіні жұмысқа алып, жалақы төлеуі керек.

Жаңашылдықтардың баршасы 2022 жылы қолданысқа енеді. Екі жылдан кейін азаматтар тұрғын үйдің мәселесін бірлесе шешіп, өздері ақша жинап, сервисттік компанияны таңдап, оны бақылап отырады. Әрбір үйдің мүлік меншік иелеріне қанша ақша төлейтінін қалалық мәслихат бекітпекші. Қазіргі таңда Орал қаласында 1200-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Тұрғын үйлердің 837-інде пәтер иелері кооперативі қызмет жасайды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.