Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Заң жобасындағы өзгерістер

c 18:02, 25/06/2018 c 962

0:00 / 0:00

Заң жобасындағы дін саласына енген жаңашылдықтар енді батыс өңірінде талқылануда. «Дәстүрлі діннің экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудағы рөлі» тақырыбындағы жиында Мәжілістің бірінші оқылымда мақұлданған заңнама сөз болды. Теолог мамандардың айтуынша, заң жобасы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіріп, діни саланы реттеуге бағытталып отыр. Тақырыпты тілші тарқатады.

Облыста 9 конфессияны құрайтын 77 діни субьект тіркелген. Ал ахуалды қалыпьа ұстау үшін 14 ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, ол топқа 150ге тарта адам мүшелік етеді. діни істері басқарамасының алдындағы ендігі міндет - мәжілісте қабылданып, талқыланып жатқан заң жобасын түсіндіру.
Заң жобасы аясында 12 нормативтік актілерге 53 түзетулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Бірінші бөлімде «деструктивті діни ағымдар» және «діни радикализм» сияқты жаңа ұғымдар енгізіліп, соған сай түзету берілген. Екінші бөлімде діни бірлестік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау туралы ережелер бар. Ал үшінші бөлімде діни бірлестіктердің қызметін халыққа жеңіл әрі түсінікті етуге арналған түзетулер енгізіліпті. Атап айтқанда, өңірлердегі діни бірлестіктерді тіркеуге қойылатын талаптарды жеңілдету қарастырылған.

Заң жобасында шетелде діни білім алуды, діни ғимараттардан тыс некеге отыру немесе некені бұзуды, діни рәсімдер мен жоралғыларға жол бермеу туралы талаптарды реттейтін нормалар да ұсынылған. Бұл болса, мазхаб ұстанбайтын жастар арасында белең алған "құпия неке" немесе "уақытша неке" сынды түсініктерді жоюға ықпалын тигізбек.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.