Облысымыздағы жүк көліктері жүктерінің салмақтарын асырып, айыппұл төлеп жатыр. Жазғы уақытта карерлердің жұмысы артатындығы белгілі. Олар жүк көліктеріне топырақ, құм немесе құрылысқа қажетті затты тиеп, тапсырыс берушіге жеткізіп беріп, пайда тауып отыр. Осы ретте, жүк көліктерімен тасымалдау арқылы пайда тауып отырған мекемелер заңды аяққа басып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Мәселен, құзырлы органдардың дерегіне сәйкес, биылғы жылы 199 көліктің заң бұзғандығы тіркеліп, оларға 122 хаттама толтырылып, 12 млн теңге өндіріліпті.