0:00 / 0:00
Облыстық жұқпалы ауруларға арналған аурухананың жанында бактериологиялық арнайы зертхана жұмыс жасайды. Мамандар күніне түрлі медициналық мекемелерден келген 300-ге жуық анализді қабылдап, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жоғарғы санаттағы лаборант дәрігерлердің жұмысын заманауи құрылғылар жеделдетуде.
Және мамандарға қан сараптамасын жасайтын арнайы құрылғы да уақытты үнемдеуге жәрдемдеседі. Мәселен, классикалық талдауда қан сараптамасын алу үшін 5-7 күндей қажет болса, жаңа құрылғының көмегімен 3 тәулік ішінде нақты сараптаманы алуға болады. Бұл өз кезегінде науқастарға тезірек ем тағайындауға атсалысады.