Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ыстық күннен қалай қорғанамыз?

c 16:55, 16/07/2018 c 948

0:00 / 0:00

Жаз басталысымен ыстық күндер де келе қалады. Биыл бұл маусым қоңыр салқын мезгілмен басталса да, көп уақыт өтпей-ақ аптап күндер тұрғындар мазасын ала бастады. Әрине, бәрінің деуден аулақпыз. Бірақ, мұндай күндерге шаһар жұртшылығының көбінің денсаулықтары шыдамай, дәрігерлерге де жүгінген. Әсіресе кішкентай балаларға күн тиіп, бас ауруымен жедел жәрдем көмегіне жүгінген.

Гүлнар Сәрсенғалиева, Қалалық №1 емхана дәрігері
Күн тиюдің басты белгісі жүрек қағысы жиілейді, бас ауырады, балалардың мұрнынан қан кетеді. Сонымен бірге, күн өткенде, тыныс алу қиындайды, ентігу және жүрек айну пайда болады. Ауыр жағдайларда, адам есінен тануы, денесі тырысуы мүмкін. Күннің жылуы әсерінен бастағы қан тамырлары кеңейеді де, миға қан көп мөлшерде құйылады.

Дәрігер мамандар ауа температурасы тым жоғары болған кезде барынша сыртқа шықпаған жөн дегенді айтады. Ал шыға қалсаңыз міндетті түрде үстіңізге ашық түсті киімдер мен ақ түсті бас киім кигеніңіз жөн. Себебі, күн тиюдің соңы қайғылы аяқталуы да ғажап емес, - дейді мамандар. 30 градустан жоғары қапырық барлық жастағыларға қауіпті. Әсіресе балалар мен егде жастағылар мұндайда осалдау келеді. Қала тұрғындары да аптап ыстықтан қорғану үшін әр түрлі амалдауда
Ауа райын болжаушы мамандар алдағы күндердің да ысьық болатынын айтуда. Алдағы күндері жаңбыр жауғанымен, демалыс күндері сынап бағанасы қайтадан 30 градустан астам көрсеткішті көрсетеді деп болжанып отыр.
Жаздың ыстығына шыдамаған жандардың өзен жағалап, суға шомылатыны рас. Осы себептен бүгінде шомылу аймақтарында бақылау күшейтілген.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.