Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ядролық қаруға қарсымыз

c 20:10, 28/08/2019 c 1208

0:00 / 0:00

Ядролық қарудан азат аймақтардың өкілдері Нұр-Сұлтанда бас қосты. Сыртқы істер министрлігінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану  мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлескен семинарда ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланды.  Басты мақсат ядролық қарудан азат аймақты кеңейту. Қарым-қатынастарды дамыту  мен консультациялық механизмдерді қалыптастыру.

Мәтін. Осыдан 28 жыл бұрын  Семей сынақ алаңын жабу туралы тарихи шешім қабылданғанды. Тарихқа үңілсек, Семей полигоны Кеңес дәуіріндегі ең ірі полигон болды. Қырық жыл ішінде 450 ядролық жарылыс болды. Жарлыыстың күші Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың еседен асып кетті. Бұл қасіреттің зардабын шеккендердің бірі, қолсыз туған Кәріпбек Күйіков бүгінде осы мәселені көтеріп жүрген жан. Суретші БҰҰ мінберінен қоғамды ядролық сынаққа тиым салуға шақырған азаматың бірі.

Кәріпбек күйіков - «атом» жобасының құрметті елшісі, суретші

«Менің отбасым сынақтың зардабын шекті. Анамның маған дейін бірінші баласы бір жасқа толмай қайтыс болды, екіншісі де солай өмірден озды. Мұндай жағдай көп отбасында  болды. Мен солармен танысып, барып көрдім. Адамдардың қиналғанын көрдім. Кемтар балаларын көрсетуге ұялатын ата-аналарды көрдім. Көпшілік көзінен тығып ұстайтын. Ол кезде диагноз қоя аламйды. Оған тиым салынды. Себебі бұл құпия болды».

Тоғыз елдің арсеналында 14 мың ядролық қару болды.  Алып елдер ядролық сынақтан бас тартқанымен, қаруды сақтап отыр. Әрине ядролық қаруы бар елдер оны қолданайын деп отырған жоқ. Бұл өзін қорғау үшін қажет. Дегенмен қауіп бар.

29 тамыз күні  ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі шартты ратификациялау рәсімі өтпек. Қазақстан ұзақ жылдардан бері ядролық қаруды таратпау бастамасына қолдау көрсетіп келеді және өзінің серіктестерімен тығыз ынтымақтастықты жолға қойған ел болып табылады. Екі күнге созылатын семинар жұмысына ядролық қарудан  азат аймақтарға кіретін  африкалық , латынамерикалық , Оңтүстік-Тынық мұхит, ортаазиялық  және Оңтүстік-Шығыс  Азиялық  аймақтардың өкілдері қатысып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.