0:00 / 0:00
Ұстаздар мерекесі қарсаңында шаһарда ілкімді істер молынан оздырылды. Соның бірі "ХХІ ғасыр ұстазы" зияткерлік ойыны. Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орайластырылған шараға Орал қаласының 29 жасқа дейінгі ЖОББМ-нің ұстаздары қатысты. Сайыс барысында мұғалімдер сұрақтарға жауап бере отырып, ойынның қызықты өтуіне өз септіктерін тигізді. Барлығы 24 ұстаз сынға түскен болатын.
Зияткерлік ойын "Бәйге", "Жорға", "Дода" секілді 3 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында қатысушыларға әр саладан 12 сұрақ қойылады және 1 минут уақыт беріледі. Ал соңғы кезеңде ортаға "Абайтану" тақырыптары бойынша сауалдар тасталды. Осы кезеңдерде үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі бірінші орынды - №12 ЖОББМ қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Есенова Наргиза Сүлейменқызы иеленді, Екінші орынға - Қуанышев Абылайхан Асылбекұлы, ал үшінші орынға- Темирболатова Фариза Тайыровна орнықты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, зияткерлік ойынға белсене қатысқан барша қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.