0:00 / 0:00
Орал қаласының Серебряков кентінде қол-аяғында 30-дан астам сынығы бар балаға ем қабылдауға ақша керек. 8 жасар Әділхан Бисембайұлы туа беткен жетілмеген сүйек даму дертіне шалдыққан. Дәрігерлер оны "хрустальды" немесе "шыны" бала деп атайды. Себебі кез-келген оқыс қимылдан Әділханның сүйектері шорт сынып кетеді. Сынудың алдын алу үшін 3 ай сайын екпе алып, сүйекті қатайтатын процедурадан өтуі керек. Бірақ жылына 4 рет қабылданатын бұл екпенің біреуінің құны 150 мың теңге тұрады. Ал 7 бала тәрбиелеп отырған қарапайым отбасының мұндай қымбат емді қалтасы көтермейді. Сол себепті гипстеулі қалпында үнемі төсекте таңулы жатқан "хурстальды" балаға қарап шарасыз ата-ананың жүрегі қан жылайды.
Төсеккке таңылып жатқанына қарамастан 8 жасар Әділхан Бисембайұлының арманы асқақ. Аяғымнан тұрсам Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі сынды әнші болғым келеді дейді. Күн сайын өзі қатарластарға қызығып, жүруді, асыр салып ойнауды қалайтын Әділханның денесінде 30дан астам сынық бар.
2000 жылы ол Атырау облысында отбасындағы 6-шы бала болып дүниеге келеді. 7 перзентті дүниеге әкелген 40 жастағы Ләззат Өтепқалиеваның басқа балаларының дендері сау. Дәрігерлер кеңесімен Оралға қоныс аударған. Әділханды Үндістанға апарып, емдетіп, аяқ-қолына тірек болар құрылғы орнатыпты. Бірақ науқасқа үнемі күтім мен тұрақты ем қажет болады. Үйде мұндай жағдай қарастырылмаған. Сүйекті қатайтып, сынудан сақтайтын бір екпенің процедурасы 150 мың теңге тұрады. Оның әсері 3 айға жетеді. Ақылы емді отбасының қалтасы көтермей отыр.
Ал дәрігерлер БҚО-да мұндай сирек кездесетін дертке шалдыққан бір ғана бала-осы Әділханның тіркеуде тұрғанын мәлімдеді.
Әділханды мұғалімдер үйден оқытады. Сабаққа ынтасы жақсы, оқу екпіндісі көрінеді. Тек сынған қолдарымен қаламды ұстаудың өзі қиын. Егер дер кезінде ем қабылдамаса онсыз да төсекке таңулы баланың жағдайы мүлдем нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан қайырымды жандар болса, 87713448651 телефон нөміріне хабарласып, тағдыр тауқыметін татып отырған көп балалы отбасыға қаржылай көмек көрсетуді сұраймыз.