0:00 / 0:00
Крещение мерекесінде БҚО-да 7 мың адам суға шомылды. Жексенбі күні күллі Христиан дінін ұстанушылар Крещения мерекесін атап өтті. Дәстүр бойынша мыңдаған адам шіркеулерге келіп, діни жоралғыларды орындаған болатын.
Крещение мерекесі түнгі діни жоралғыдан басталды. Оралда христиан дінін ұстанушылар шіркеулерге барып, құдайға сыйынды. Орал мен Ақтөбенің Архиепископі Антоний Архангел Михиал соборында бұқараны мерекемен құттықтады. 19-шы қаңтардағы суға шомылу мерекесі ертеден тойланып келеді. Ол күні Иисус Иордан өзенінде шоқынып, христиан атанған. Дәстүрге сәйкес, бұл күні су ерекше қасиетке ие. Ғылымдар мереке күнгі судың құрамында күмістің иондары болатынын анықтапты.
Облыс аумағында суға түсу үшін арнайы 60 орын жабдықталған. Әрбір орынның қасында құтқарушылар кезекшілік атқарды. Төтенше жағдай бола қалса деп, су айдынның қасында арнайы палаткалар да тігілген. Биыл қыс жылы болғандықтан, мерекеде қауіпсіздік шаралары күшейтіліпті.
Шіркеудің күнтізбесіне сәйкес Крещения мерекесі бір аптаға жалғасады.