Экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген болатын. «Хан бөгеті» халықаралық ғылыми-танымдық экспедициясы аяқталды. 11 шілде мен 15-шілде аралығында өткен экспедицияға 5 адам қатысқан. «Хан бөгетін» тарихи-мәдени мұра ретінде зерттеудегі мақсат-тарихи мәліметтерді жинақтап, ескерткіштерді анықтау. Экспедициялық зерттеу Ресей Федерациясының Волгоград облысы, Палласов ауданының Кумысолечебница мекенінің маңайындағы Торғын өзенінің алқабында өткен болатын. Зерттеушілер шекараның арғы жағына жасалған саяхаттан тың деректер жинадық дейді.