Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халықтың табысы төмен

c 14:35, 26/06/2020 c 443

0:00 / 0:00

Халықтың табысы төмен. Еңбек министрі бұл жағдайды мойындады. «Жалпы халықтың табысы көп емес, төмен. Мысалы, біз өзіміз сараптама жасадық. Бір адамға шаққанда халықтың табысы 59 мың теңгеден аспай отыр», - деді Нұрымбетов бүгін онлайн режимде өткен  халыққа есеп беру барысында.Сондай-ақ, министр елдегі жұмыссыздар саны артып отырғанын айтты. Бүгінгі күні 700 мың қазақстандық жұмыссыз қалды. Жалпы елдегі жұмыссыздың деңгейі 4,1 пайызды құраса, жыл соңында бұл көрсеткіш 6,1 пайызға жетпек.

Халыққа онлайн есеп берген  еңбек министрі ағынан жарылды. Біржан Нұрымбетов халықтың табысы төмен екенін мойындады. Халықтың жалақысы төмен болғасын салық аз түседі.  Ал әлеуметтік төлемдер салықтың есебінен төленетіні мәлім.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында жалақы 105 мың теңгеден аспайды.  Ал өңірлер бойынша тоқталсақ. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Түркістан облысында орташа жалақы 140-145 мың теңгеден артық емес.Сондай-ақ министр елдегі жұмыссыздықпен күресу мүмкін болмай отырғанын айтады. Бүгінгі күні елдегі 700 мың қазақстандық жұмыссыз қалды.

Біржан Нұрымбетов – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Сәуір айында 4 млн 200 мың адам  жұмыссыз, табыссыз қалды.Бірінші тоқсанда жұмыссыздар саны 442 мың адам  құрады.Біздің бағалауымызша, бүгінгі күні жұмыссыз, табысынан айырылғандар  саны 700 мың адамды құрап отыр. »

Жалпы елдегі жұмыссыздың деңгейі 4,1 пайызды құраса, жыл соңында бұл көрсеткіш 6,1 пайызға жетпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.